Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

1406
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 жастағы келіншекті ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Хамитқызы Бота Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот оған педагог ретінде кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу сияқты лауазымды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Хамитқызы Ботаға қатысты жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу мен қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын»,— деді Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Дәурен Мадалиев.

Еске салайық, сұмдық оқиға 7 ақпанда болған еді. Айыпталушы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныбының мұғалімі болып жұмыс істеген. Әйел жалдамалы пәтерде 2 жасар ұлы мен 4 жастағы қызын тұншықтырып өлтірген. Ол ауыр қылмысты күйеуіне ренжігені үшін жасағанын айтты. Полицейлер келіншекті бір күннен кейін Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірде ұстады. Сот процесі алқа билерінің қатысуымен үш айдай қаралды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи поражены! Вся боль из колен и суставов спадает уже к утру
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Найден злейший враг боли в суставах! Присядьте, а то упадете
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Эта штука вытягивает всю боль из колен и суставов за 3 дня!
Пікірлер