Тараз металлургия зауытынан өрт шықты

541
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Тараз металлургия зауытынан өрт шықты. Бұл туралы бүгін, 21 маусым сағат 02:55-те Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сөндірушілер металлургия зауытындағы отқа оранған трансформаторды сөндірді. 

Бүгін түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатор жанды.

”Өрт сөндіру жұмысын трансформатордың багындағы 60 тонна май қиындатты. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына таралмады. ТЖМ күш-құралдары отты сөндірді”, делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Пікірлер