Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады. Бұл туралы бүгін, 20 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президентке Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ министрліктің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндалды.
Шыңғыс Әрінов Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары
Новости по теме
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.