Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды

3844
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Зерттеушілер елімізде өте сирек кездесетін тиынды тапты. Бұл туралы 19 маусымда Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.

«Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде. Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр»,—деді министрліктің баспасөз қызметі.

Пікірлер