Экс-әкім Әйтеновтың ағасы туған балаларын үйден қуып шыққаны айтылды

1732
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Үш балалы әйел бұрынғы күйеуінің үйден қуғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Экс-әкім Мұрат Әйтенеовтің ағасы Марат Әйтеновті әйелі зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған. Дана Әтешова күйеуінің балаларына төрт бөлмелі үйді қалдыратынын, бірақ шарты бар екенін айтқанын мәлімдеді.

"Жоғарғы сот әділ шешім шығаруы керек. Өйткені бүкіл алимент өндіру ісі әділ шешілді. Әйтенов маған балаларына төрт бөлмелі үй қалдыратынын, бірақ шарты бар екенін жеткізді. Ол үйді біздің атымызға рәсімдейтінін, бірақ оның орнына басқа нәрсе беруім керекгін айтты. Айтуынша, мен жазғанымның бәрін өшіріп, одан кешірім сұрауым керек екен. Мен ешқашан өтірік айтқан емеспін. Егер өтірік айтсам, мені жала жапты деп сотқа беруі мүмкін. Ол бар күшін салып мені үйден қуып шықпақшы", – деді әйел.

Әтешованың сөзінше, бұл үй Марат Әйтеновтің жалғыз баспанасы емес.

"Бұл 600 шаршы метрлік үй. Үйді иемденуге менің құқығым жоқ. Бұл үйді балаларға қалдырғанын қалаймын. Себебі олар осы үйге үйреніп қалды", – деді Дана Әтешова.

Шымкент қаласының экс-мэрі Мұрат Әйтеновтың ағасының бұрынғы әйелі Дана Әтешова зорлық-зомбылыққа ұшырағанын бірнеше рет мәлімдеген.

2023 жылдың 17 сәуірінде елордада Жоғарғы сот ғимаратының алдында бір әйел пикетке шыққан болатын. Анықталғандай, әйел адам - Дана Әтешова.

Пікірлер