Түркістанда жас жігіт кәмелетке толмаған қызды 7 рет зорлаған

1112
Adyrna.kz Telegram
Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

Түркістанда 17 жастағы жігіт кәмелет жасқа толмаған қызды жеті рет зорлағаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы «Не молчи» қоры мәлімдеді.

Сот-психиатриялық сараптамасы зорланған қыздың жалған айтпағанын қорытындылаған. Жігіт қызды зорлап, қорқытқан сәтіндегі әңгімелерінің стенограммасы да бар.

«Қызды зорлаған соң автобусқа отырғызып, үйіне жіберген. Қан жағылған орамалды суретке түсіріп, егер біреуге жақ ашар болса, оны (қызды - ред.) колонияға жіберетінін айтып қорқытқан. Осылай қызды жеті рет зорлап келген. Сот отырысында жігіт қыздың өзін азғырғанын айтып, кінәсін мойындамады»,- делінген қор жазбасында.

“Немолчи” мәліметінше, зорлау фактісін анықтаған барлық сараптамалардан кейін іс 120-баптың 3-1 «Кәмелетке толмағанға қатысты бірнеше рет күш қолдана отырып зорлау» бойынша сараланған. Бірақ сот дәл сот тергеуі кезінде істі 122-баптың 1-бөлігіне – «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» деген санатына жатқызылған.

Күдікті жігіт сот отырысының бірінде үзіліс жариялаған. Содан кейін жиналыс мүлде кейінге шегерілгені де белгілі болды.

Пікірлер