Қажылықта ыстықтан адамдар қырылуда

2056
Adyrna.kz Telegram
Фото: Kun.uz
Фото: Kun.uz

Қажылық кезінде 500-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы TheGuardian.com-ға сілтеп.

Қажылық кезінде аптап ыстықтан қайтыс болғандардың 320-сы Мысырдан келгені анықталды.

Сауд Арабиясы билігі қажылықта 2000-нан астам адамнан ыстық өтіп, ем алғанын мәлімдеді. Себебі мұнда ауа температурасы 17 маусым күні Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен. Сауд Арабиясының зерттеуіне сәйкес, аймақтағы температура әр онжылдықта 0,4 градусқа көтерілген.

Аптап ыстықтан қаза тапқандардың 60-ы иорданиялық азамат екені белгілі болды.

Осы тұста билік қажылыққа келіп, парызын өтейтін туристерге аптап ыстықта қолшатырларды қолданып, күннің ең ыстық кезінде күн сәулесінен аулақ болуға кеңес беруде. Алайда қажылар дәл қазір Арафат тауында дұға ету секілді көптеген қажылық рәсімдер ашық ауада ұзақ отыруды қажет ететінін айтады. Осыған орай туристер жол жиектерінде адам мәйіттерін көргендерін де хабарлады.

Пікірлер