Ақмолалық оқушының бизнес жобасы үздіктер қатарында

465
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы 2024 жылдың мамыр айында қашықтық форматында өтті.

Форум болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыру, балаларды әртүрлі кәсіптер мен еңбек әулеттерінің өкілдеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту, жұмысшы кәсіптердің беделін көтеру мақсатында өткізілді.

Форумға республикамыздың барлық облыстарынан және қалаларынан 180 жеңімпазы қатысты.

Ақмола облысынан облыстық кезеңнің 9 жеңімпаздары қатысты.

Республикалық кезеңде Ерейментау ауданы, Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы - Жантуарова Мөлдір өзінің «Құс – Farm» бизнес жобасын қорғады

«Мөлдір ұзақ уақыт осы тақырып бойынша жұмыс істеді. Интернетте көптеген материалдарды қарап шықты. Жобаны қорғау барысында ол құс фермасын ашу, қаржыландыру, құстарды тамақтандыру, жұмыртқа мен етті сату жолдары, жұмыс орындарын құру туралы толық айтып берді», - деді жоба жетекшісі Cаягуль Смаилова.

Форум қорытындысы бойынша Жантуарова Мөлдір «Менің кәсібім – менің бизнесім» номинациясы бойынша II орын жүлдегері атанды.

Пікірлер