Белгілі театр әртісі өмірден өтті

1072
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақ театрының мақтанышы Торғын Тасыбекова өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова 1938 жылы Алматы облысында өмірге келген. Торғын Жылқышықызы бала кезінен өнерге құштар болған. Торғын Жылқышықызы кішкентайынан ән салып, әкесі жасатқан домбыраны шертуге әуес болған.

Театр әртісі 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы-ақ Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін қара шаңырақта қызмет етіп келді.

Торғын Тасыбекова сахнада әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермендер ілтипатына бөленді.

Халық әртісі 86 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Пікірлер