"Мәйіт шығарамыз деп құтқарушыдан айырылмайық". Министр Әрінов кен орнындағы апат туралы айтты

1597
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Төтенше жағдай министрі "Майқайың-алтын" АҚ-ға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр Әрінов кен орнындағы шұңқырға құлап, үйінді астында қалған құтқарушыларды іздеу дайындық шараларынан соң қайта жалғасатынын айтты. Дегенмен министр тосын шешімін айтты.

"Қазір "Майқайың алтын" АҚ-да құтқарушыларға қауіп төнгендіктен олардың жұмысы тоқтатылды. 13 мамырдан бастап дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде солтүстік-шығыс бөлігіндегі құлаған топырақты кеңейту жұмысы әлі жүргізілуде. Ол біткеннен кейін құтқарушыларға қолайлы жағдай жасалса, жалғасады", - деді министр Шыңғыс Әрінов.

БАҚ өкіліне жауап берген Шыңғыс Әрінов құтқарушыларға қауіп төнбесе, іздеу жалғасатынын атап өтті.

"Ол кісілердің мәйіттерін шығарамыз деп құтқарушылардан айырылып қалмайық деген мақсатпен барлық қауіпсіздік шарасын қабылдап жатырмыз. Сондықтан түсінулеріңізді сұраймын", - деді министр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер