Ақмолада жоғалып кеткен ресейлік өлі күйінде табылды

1522
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Ақмола облысында жоғалып кеткен ресейлік азамат өлі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Азамат Калининградтан қонаққа келген. Алайда 1984 жылы туған Станислав Тарасенко 9 маусымда байланысқа шығуды тоқтатқан. Еріктілер ер адамды іздеу жұмыстарын ұйымдастырғанымен іс нәтижесіз болған. Ресми деректерге сәйкес, ресейлік Петропавлдағы туыстарына қонаққа барған. Сол жерден Щучинскідегі досына барып,  кейін жоғалып кеткен көрінеді. Ал 14 маусымда ер адамның қайтыс болғаны анықталған. Қазір қазаның мән-жайы анықталуда.
Комментарии