Еуро – 2024. Ашылу матчында немістер шотландықтарды ойсырата жеңді

921
Adyrna.kz Telegram

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының тұсаукесер ойынында Германия құрамасы Шотландиядан 5:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мюнхендегі (Германия) «Альянц Аренада» 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының ашылу матчы өтті.

Бірінші таймнан кейін Бундестим 3:0 есебімен алға шықты.

Еуро-2024-тегі алғашқы голдың авторы Германия құрамасының өсіп келе жатқан жұлдызы - 21 жастағы жартылай қорғаушы Флориан Виртц болды.

19-минутта Кай Хаверц қақпа бағанасының дәл астынан тепкен Джамал Мусиалға нәтижелі пас берді.

Бірінші таймның аяғында Илкай Гюндоган қарсыластың айып алаңындағы шөпте жарақат алды. VAR тексерісінен кейін төреші Шотландия қақпасына пенальти белгіледі, оны Кай Хаверц сәтті орындады. Бұл ретте шотландиялық қорғаушы Райан Портеус қызыл қағаз алды.

68-минутта Чемпиондар лигасының финалисті Никлас Фюллкруг төртінші голды соқты.

76-минутта Фюллкруг тағы да гол соқты, бірақ төреші офсайдқа байланысты голды есептемеді.

Ал 87-минутта Антонио Рюдигер өз қақпасына гол соғып, автогол жасап Германия құрамасын таза жеңістен айырды.

Десе де Бундестим соңғы минуттарда Шотландияға бесінші голды соқты.

Германия мен Шотландиядан бөлек А тобында Венгрия мен Швейцария да бар.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионаты Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің матчтары үш уақыт аралығында басталады: Астана уақыты бойынша 18:00, 21:00 және 23:55.

Пікірлер