Алматыда 800-ге жуық шетелдік құрықталды

2239
Adyrna.kz Telegram
Рейд барысында жеке құрылыс алаңдары, базарлар, тамақтану орындары, оқу орындары тексерілген.

Алматы қаласында заңсыз миграция мен құжаты жоқ өзге ел азаматтарын жұмыс күші ретінде пайдалану фактілерін айғақтау үшін жедел-профилактикалық "Заңсыз" шарасы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-профилактикалық шара барысында шетелдіктер құжатсыз, заңсыз жүруі мүмкін қоғамдық орындардың барлығы сүзіліп шықты.

"Шара барысындағы тексеруден кейін құрықталған 794 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз жұмыс күшін қолданғаны үшін ҚР 168 азаматы айыппұл арқалады. Сондай-ақ, құжаты жоқ шетел азаматтарын жұмыспен қамтамасыз еткені үшін 56 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

336 құжатсыз шетел азаматы құрықталып, қылмыстық іске қатысы бар 196 өзге ел азаматы шекарадан тысқары шығарылған. Сонымен қатар, ЖПШ барысында 3 заңсыз миграция арнасын ұйымдастырған шетел азаматының үшстінен қылмыстық іс қозғалды", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің Миграциялық қызмет басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер