Елімізде Испандық футбол клубының академиясы ашылады

752
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеп.

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап, Энрике Сересо Торреске Қазақстанда аталмыш спортты дамытуға көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін де айтты.

Энрике Сересо Торрес «Атлетико Мадрид» футбол академиясы әлемнің көптеген елінде ашылғанын жеткізді.

Ал елімізде клубтың футбол академиясы Алматы облысы Талғар қаласындағы «Akbulak» олимпиада орталығының базасында құрылмақ.

Жиын соңында Энрике Сересо Торрес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атлетико Мадрид» ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде сыйлады.

Пікірлер