Тасқыннан кейін. Елімізде су мамандарын даярлайтын жаңа оқу ордасы ашылмақ

1845
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңа университет Қазақстанда тапшы су саласының мамандарын оқытуға мүмкіндік бермек.

Қазақстан бойынша гидротехниктер М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ғана даярланады. Үкімет аталған оқу орнын екіге бөліп, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін ашатынын хабарлады.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Үкімет жобасы бойынша алдғаы уақытта бір жоғарғы оқу орны мен су саласының мамандарын дайындайтын 5 колледж ашылады. Олар батыс, шығыс, солтүстік, орталық аймақтарда салынады деп жоспарлануда.

Одан бөлек, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстары мамандарын бірлесіп даярлайтын болады. Себебі Тараз мемлекеттік университеті мен Ташкент ирригация институты тиісті меморандумға қол қойған.

Пікірлер