Маңғыстаулық түлектер туған ауылына қақпа орнатты

1688
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-09-at-17.01.10.jpeg
Маңғыстауда мектеп бітірген түлектер ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Тұщықұдық ауылының 1977 жылы туған азаматтары мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай ауылдың кіреберісіне қақпа орнатып берді. Ол қақпаның биікті 8 метр, ұзындығы 13 метр. Қақпаның ерекшелігі - қасбеті ұлттық нақышта ою-өрнекпен. Басылымның мәліметінше, ауыл тұрғындары кіреберістегі қақпаға дән риза болған.
"Тұщықұдықта кіреберіс қақпаның ашылуы болып, ауыл аспаны әнге бөленді. Ауыл үшін аянбай, игі істің басынан табылған түлектерге ауылдастары алғыс айтып тарасты", - деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Комментарии