Орталық саябақ жұмысы қазан айына дейін жалғаспақ

2434
Adyrna.kz Telegram

Жақында Семей қаласының баспасөз орталығында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Брифинг барысында бөлім басшысы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар легін баяндады.
Халық көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі – орталық саябақтың қай уақытта қолданысқа берілетіндігі. Баспасөз мәслихатында көптің сұраулы сұрағына жауап берілді. Қала тұрғындарының демалыс орны саналатын орталық саябақтағы жұмыстар әлі де жалғасады. Саябақ 2019 жылдың 10 сәуірінен қайта құру жұмыстарына жабылған еді. Алайда, сараптама жұмыстары осы айдың 20-нан кейін шығып, мердігер компаниямен келісімшарт жасалалы. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары мерзімі толық аяқталғаннан кейін, мердігер компания жұмысқа кіріседі. Осылайша, орталық саябақ қазан айына дейін жаңа келбетке ие болмақ. Айта кетейік, аталған жұмысты іске асыруға 1 млрд. теңге қаржы бөлінген.
- Саябақты қайта құру шеңберінде көгалдандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын, демалуға арналған алаңдарды, спорттық тренажерлерді, теннис корттарын, шағын сәулет нысандарын (орындықтар, қоқыс жәшіктері, ауыз су бұрқақтары) балалардың ойын алаңдарын, қоғамдық дәретханаларды салу, велосипед жолдарын ұйымдастыру, жаяу жүргіншілер жолын ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Ал, осы уақытқа дейін орталық саябақ аумағындағы ағаштарды кесу және тротуар төсенішін бөлшектеу жұмыстары жүргізілді, - деді. А. Өтелбаев.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер