Орда қалған жан-жануарлар еріктілер көмегімен құтқарылды

529
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ғани Назарбек парақшасынан
Фото: Ғани Назарбек парақшасынан

Табиғат жанашыры Ғани Назарбек әкімдік жауып жатқан ордағы жан-жануарлардың құтқарылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Tasbaqa" қорының еріктілерінің Түркістан облысына экспедициясы тоғыз күнге созылды.

Экспедицияға жоба үйлестірушісі және «Тасбақа» қорының жетекшісі Юлия Заугг, эколог Владимир Терентьев, қоғам қайраткері және «Сырдария-Түркістан» табиғи саябағының ғылыми қызметкері Ғани Назарбек, сондай-ақ мал дәрігері Олег Хан қатысты.

Сырдария - Түркістан МӨТП туризм бөлімі меңгерушісі Facebook желісіндегі парақшасында жануарларды құтқару сәтінен бейне жариялады. Жазбада Отырар ауданындағы орды әкімшілік жаптырып жатқандығын хабарлаған. Әкімдіктің жоспарын естіген соң "Tasbaqa" қорының еріктілері мен Сырдария-Түркістан МӨТП қызметкерлері бірлесіп ҚР Қызыл Кітабына енген Келес кесірткелерін орлардан шығаруға ат салысқан.

"Траншеядан шығарған Келес кесірткесін Қызықұмға әкеліп, жіберіп жатырмыз. Кесіртке ашулы. Табиғатта өмір сүре беріңіз енді", - делінген Ғани Назарбек жариялаған видеода.

Отырар ауданындағы траншеяларды салу тәжірибесі Қазақстанда заңсыз, бірақ елдің оңтүстігінде әлі күнге дейін жиі кездесетіні белгілі болды. Кездескен шопандар зерттеушілерге кейде окопта малдың да қырылып қалатынын айтты. Мұны растау үшін экспедиция мүшелері траншеялардан өлген бұзаулардың, құлындардың, қозылардың және ересек ауылшаруашылық жануарларының қалдықтарын тапты.

Мамандар траншеядан барлығы 100-ден астам жануарды құтқарып, тағы 50-ден астамы өлі табылды.

Айта кетейік, Келес кесірткесі не Варанда деп аталатын бауырмен жорғалаушылар - кесірткелердің ішіндегі жыртқыштар тобына жатады. Келес кесіртке Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Қызылқұм мен Сырдария өзенінің өң жағалауындағы шөлді аумақтарда кездеседі, бірақ саны аз. Сондықтан  Халықаралық табиғат қорғау одағының және 2008 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Пікірлер