10 күн қалғанда айт күні ауысты

1277
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Биыл Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚМДБ діни мерекелер кестесінде Құрбан айт 17 маусым болып бекітілген еді. Осы жылы мерекенің алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.

«2024 жылға арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі жасалғанда, ҚМДБ ресми түрде Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Бұл күн жұмыс күні болғандықтан, демалыс болады деп жоспарланған. Қазір ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымға сай келеді деп жариялады. Демалыс күндеріне сай келетін діни мерекелер жылжытылмайды. Сондықтан демалыс күні ауыспайды»,—деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Пікірлер