Ақтөбедегі Alphard апатынан соң министрлік мәлімдеме жасады

1058
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Бүгін, 7 маусымда Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне тағы бір мәрте үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев азаматтарды жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырды. Айтуынша, полиция жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жүргізеді.

«Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған. Жүргізушілер көбінесе жол ережелерін елемейді. Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады. Мысалы 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерткен болатын. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Жүргізушілерді тағы да жолда сақ болуға шақырамын!»—деді ол.

Айта кетейік, өткен жылы жылы Қазақстан аумағында 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көлік апаты кезінде 5 мың азамат қаза тауып, 19 мыңнан астам адам жарақат алды.

Пікірлер