Ыбырай Алтынсариннің ілімі -  қоғамдық сананы қозғаушы күш

1180
Adyrna.kz Telegram

Жаңа дәуірдегі рухани жаңғыру деген бағыт 19 ғасырда бастау алған. Мұның басы-қасында қазақтың демократ ағатушыларының тұрғаны анық.  Бұл ретте Ыбырай Алтынсарин жайлы сөз қозғамау мүмкін емес.Өйткені, қоғамдық ой-сана жайлы айтылғанда Ыбырай Алтынсариннің есімінің аталуы заңдылық.

Ыбырай Алтынсарин білімін жүйелі жетілдірудің нәтижесінде өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды.

Ол өз деңгейінде алдыға қойған мақсатына жетті. 1860 жылы Торғай қаласында қазақ балалары үшін мектеп ашып, өзі сол білім ошағында орыс тілімен сабақ берді. Осы кезден бастап оның ағартушылық қызметі басталды.

Айналасы 4 жылдың ішінде мектеп-интернат ашылды. Оның ірге тасын қалануына Ыбырай Алтынсариннің өзі сүбелі үлес қосты. Жан-жақты
үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 16 бала оқуға жазылды. Сәйкесінше, білімге құштар жастардың қатары артты, аталмыш мектепке барушы оқушы саны арта бастады.

Ол тек білім сапасына баса назар аударып қана қоймай, мектептерді жабдықдауға дейін қадағалады. Тіпті, қазақ даласында қыздардың оқуына себепкер болғанда Ыбырай Алтынсарин болатын. Оның бастамасымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Соның бірі 1886 жылы ашылған мектеп интернаты, онда 211 қыз білім алды.

Қыздар тәрбиесі, қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты алғаш рет талдаған Ы. Алтынсарин болатын.
Ы. Алтынсарин 1860 жылдардан бастап, жергілікті жерлерде мектеп ашу ісімен айналысады.

Ол өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең басты мәселе деп есептеді.  Оның шығармаларында екінші бір өзекті мәселе – жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден жирендіру еді. Ы. Алтынсарин өз шығармаларында еңбек адамының өмір жөніндегі көзқарасын кеңейтіп, оның бойында жақсы қасиеттердің  қалыптасуына әсерін тигізетін, сондықтан да әрбір ата-ана еңбектің осындай жасампаздық қасиетін балаға кішкентайынан ұғындыра білудің қажеттігін айтады.

Расында кешегі қазақ қоғамында білімімен шырағын жаққан тұлғаны танып, білу ұрпақ үшін өзекті болуы тиіс.  Себебі, Ыбырай Алтынсариннің басты миссиясы - қазақ қоғамына пайдасын тигізу еді.

 

 

Пікірлер