"Жұмабектей тұлғаның толық келбетін аша білген". «Наркескен» кітабының тұсаукесері өтті

842
Adyrna.kz Telegram

4 маусым күні Қазақстан жазушылар кітапханасында жазушы, аудармашы, «Дарабоз» әдеби сыйлығының бас жүлдегері Әбділдабек Салықбайдың «Наркескен» атты тарихи кітабының тұсаукесері өтті. 

Рәміздер мерекесімен тұспа-тұс келген іс-шараға белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы Нұрлан Қами,"Атамұра" корпорациясының Президенті Рақымғали Құл- Мұхаммед, Қазақстан Жазушылар одағы Проза кеңесінің төрағасы Қуандық Түменбай, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар әдебиеті кенесінің төрағасы Нұрдәулет Ақыш, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Әбубәкір Қайран, айтыскер ақын, мәдениет қайраткері Серік Қалиев және "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігінің жетекшісі Арман Әубәкір қатысты. 

Сонымен қатар, Республикалық Алматыдагы Nº156 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміАйзат Рақышева, Астанадағы Ж.Тәшенов атындағы Nº10 мектеп-гимназияның директоры Бақытжан Орынбаев, кітапхана ісінің үздігі Элена Жамелқызы, Исабеков Естияр Дулатұлы және БАҚ өкілдері: «Қазақ газеттері» ЖШС төрағасының орынбасары Думан Анаш, «Ана тілі», «Алматы ақшамы» газет тілшілері мен белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгерлер мен ақын шығармашылығының шынайы оқырмандары қатысты. 

Кеш тізгінін ұстаған – жазушы, “Бадырған” журналының бас редакторының орынбасары  Серік Нұғыман.

Жиында алғаш болып сөз алган Бауыржан Жақып кеш иесінің шығармашылығына  тоқталып тілегін арнады. Нұрлан Қами автордың "Наркескен" хикаяттар жинағына баяндама жасады. 

Одан кейін сөз алған Рақымғали Құл-Мұхаммед Әбділдабек Салықбайға "Наркескен" кітабын шығаруды өзі ұсынғандығын атап өтті. 

"Әбділдабектің зерттеулері жазылған шынайы оқиғаларды келтіріп, көрнекті жаза білгені және басты кейіпкер қазақ жерінің төрттен бірін сақтап қалған  алаштың асыл ері Жұмабек Тәшеновтың ерен ерлігін суреттен баяндап бергені мен Жұмабектей тұлғаның толық келбетін сөзбен жазып аша білгенін кейінгі ұрпақ танып білу керек, деп кітап шығаруға қолқа салған өзім едім. Алаштың Жұмабектей қайсар батыл арысының болмысын танып, оқып білген осы ұрпақ үлгі өнеге алып, ел мен жер қадірін ұғынатын ұрпақ болары анық”,  деп жазушы шеберлігіне тәнті болғандығын айта кетті. 

Жиын барысында окырмандар Жәнібек Кенжебек пен Еңлік Мұхтар «Наркескен» хикаятынан үзінділер оқыды. 

Қазақтың 5 облысын Ресейге қосып алуды көздеген Н.С.Хрущевқа қарсы шығып,  "КСРО конституциясына сәйкес, әр ұлт республикасы өзінің тарихи жерінде, өз табиғи байлығын өз меншігінде пайдалануға хақы бар. Бұл заңмен де санаспайтын болсаңыз, біз халықаралық сотқа шағым беруден де тайынбаймыз", деп, “маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы. Ол арманыма жеттім. Елім, жерім орнында" деген тау тұлғалы азамат Жұмабек Тәшенов осылайша, Қазақстан жерінің халық меншігінде қалуына жол ашты.

Еліміздің жер көлемі бойынша алатын 9 орыны, егемендігіміз бен Тәуелсіздігімізге арқау болған азаматтар ерлігі мен бекем ұстанымдарын әрбір Қазақ баласы біліп оқуы қажет. 

Назилия Абдурахим

Пікірлер