«Песковтың қызы ма, басқаның қызы ма, ала береді». Қожаев ЖСН туралы айтты

982
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда ЖСН алғанын білмейді. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Azattyq.ryqy сайтына сілтеп.

Бүгін Сенат кулуарында журналистер Қожаевтан Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін қашан алғанын  сұрады. Алайда, ол білмейтін болып шықты.

«Енді мен ол кісінің қай уақытта алғанын қадағалап отырады дейсіз бе? Алған да шығар! Ол Песковтің қызы ма, басқа біреу ме, ала береді ғой», - деді Қожаев.

Еске салайық,  бұған дейін  Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда ЖСН алғанын хабарладық.

Пікірлер