1000 мектепті қолдау жобасына 55 мектеп енді

2254
Adyrna.kz Telegram

Ағымдағы жылы 211 білім беру ұйымымемлекеттік аттестаттаумен қамтылуы қажет болса, осы кезге дейін 32   білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. 40 мектепте біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексеружоспарланса, күні бүгінге дейін  департаментпен 14 білім беру ұйымы тексерілген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Зәуре Гумарова айтып берді.

Зәуре Базарғалиқызының айтуынша, осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Оқу ағарту министрлігі мектептерде мектепішілік бақылау өткізу бойынша Әдістемелік нұсқаулық әзірлеп, 1000 мектепті қолдау жобасын іске қосқан. Бұл жобамен облыстың 55 мектебі қамтылған.  

Департамент мектепішілік бақылау жұмыстарына  мониторинг жүргізіп, мектеп әкімшіліктеріне тиісті ұсыныстарды берді және менторлармен бірлесе отырып, жоба аясындағы мектептердің кеңестеріне қатысты. Жобақорытындысы бойынша әр мектептің даму жоспарына сапаны арттыруға бағытталған тиісті өзгерістер енгізіліп, жұмыстар жалғасады. Департамент Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарына, «Педагогикалық әдеп қағидаларына» сәйкес педагогтердің құқықтарын қорғау және әдеп мәселесін үнемі қадағалауда ұстайды. Осы  жылдың басынан Департамент жанындағы «Педагогтердіңқұқықтарын қорғау және әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесші органның» жоспарлы және кезектен тыс отырыстарында педагогикалық әдептісақтау, білім беру ұйымдарының басшыларының, педагогтардың тарапынан лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамау, сондай-ақ педагогтердің академиялық адалдық қағидаларын сақтамау фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздарға қатысты мәселелер қаралып, нәтижесінде 4 педагогті тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсынымдар шығарылып, тәртіптік шаралар қолданылды, – дейді департамент басшысы.

Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 2 жоспардан тыс тексеріс ашылып, нәтижесінде бұзушылықтар анықталып, білім басқармасына нұсқама берілген, бір мектеп басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша 49  мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде 10 өтініш «Білім беру қызметіне лицензия беруге», 39 өтініш «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеуге» берілген.

Білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының қарауы нәтижесінде 3 мектепке лицензия (1 мемлекеттік, 2 жеке) берілсе, 2 лицензия және лицензия қосымшасы қайта рәсімделген. Лицензияжәне қосымша алу туралы 5 өтінішке дәлелді бас тартылған.

«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 39 өтініш қанағаттандырылса, 34өтінішке ұсынған құжаттарының және олардағы деректердің сәйкес келмеуі, төленетін лицензиялық алымның болмауы, апостильге ұсынылған білім құжаты емес, құжаттардың тұпнұсқасын ұсынбауы, қараусыз қалдыру туралы өтініш берілу себептерінен дәлелді бас тартылған.

Департамент тарапынан облыстың білім беру ұйымдарына түрлі бағыттағы мониторинг жұмыстары да жүргізілуде. Ағымдағы жыл басынан бері шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдардағы  мектепті жаңғырту, мектептердегі қауіпсіздік шаралары, жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығы мәселелеріне қатысты мониторинг жүргізілген.

Басқарма басшысының мәліметінше, ата-аналар мен білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі. Департаметпен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, білім беру бөлімдерінің ұсыныстары негізінде бала тәрбиесіндегі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауына байланысты 10 ата-ананы жауапкершілікке тарту шаралары алынды.

Білім басқармасы мен білім бөлімдері жеке тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде мектеп әкімшілігі тарапынан балаға қатыгездік көрсету немесе олардың мүдделер құқықтарын бұзу фактісі бойынша комиссия құрады және келісім бойынша департамент қызметкерлері енгізіледі.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Пікірлер