Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасымен кездесті

2065
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының  төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.

Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер