Бүгін, 1 маусым күні ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қазақстандағы барша баланы және ел азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Закиева біздің ақылды, талантты, үміт артқан балаларымызбен мақтанатынын жеткізді. Еліміздің бетке ұстар азаматтары боласыздар деп сенемін. Сіздерге шын жүректен қызықты да танымды балалық шақ, бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!, - деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. Бұдан кейін Динара Закиева барша ата-ананы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, елімізде біз бұл салтанатты күнді дәстүрлі түрде мереке ретінде атап өтетінімізді еске салды. Балалар еліміздің ең маңызды құндылығы! Сонымен қатар, балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау қоғамның әр мүшесі үшін басымдық екенін бәріміз түсінуіміз керек! Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат.Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдырыНовости по теме
Посмотреть эту публикацию в Instagram