Швейцария "сағаты"

3215
Adyrna.kz Telegram

Швейцария үкіметі сегіз адамнан ғана тұрады екен. Бұл сегіз адамның біреуі конституция бойынша жыл сайын ауысып бір жылдан елге президент болса, екіншісі вице президент болып тағайындалады екен және осы сегіз адам кезектесіп елге басшы боп, бәрі бір - бір министрліктің құлағын ұстап министірлердің қызметін атқарып отырады екен. Президенті де бір сала министірліктің жұмысын өз мойнына алатын көрінеді. Осы Швейцария үкіметін жұрт әлемдегі өте демократиялық, шағын жәнехалыққа тиімді үкімет деп санайды - мыс...
Ал біздің "я поручаю правительству" лердің өзі бас болып бір министірліктің қызметін атқаруын елестету тіпті мүмкін емес ау... Оларға ондай "мелочьтармен" бас қатырудың не қажеті бар ...Бізде олар ондайға келмейтін тым "ұлы тұлға" боп келеді.
Швейцария парламенті де әлемдегі көп шығын талап етпейтін ең арзан парламент саналады екен.
Швейцария парламент депутаттары, дәрігер болсын, адвокат болсын, инженер болсын жыл он екі ай өздерінің негізгі жұмыстарын істеп жүре береді екен. (Инженер жобасын сызып, дәрігер адам емдеп, заңгер заңын қорғап дегендей..)
Осы қос палатадағы 248 депутат тек жылына төрт рет бас қосып, 15 күннен мәжіліс ұйымдастырып, халықтың қордаланып қалған мәселелерін жан - жақты талқылап, заң қабылдап, осы он бес күнде борша - борша боп әйдааай қаратерге түседі екен. Сондағы олардың алатын депутаттық жалақылары ай сайын 5 жарым мың евро немесе жылына 60 мың евро.
Ал Швейцария елінде халықтың орташа жалақысы 5 мың евро болады. Сонда бұл жақтағы депутатыңыз қарапайым швейцар мұғалімінен бес жүз евро артық ақша ғана алады екен.
Бұл көрсеткіш бойынша Ресейдегі Дума депутаттары қарапайым орыс мұғалімінен 10 - 15 есе артық жалақы алатын боп шықты. Өкінішке орай біз де осындай жабайылықтың қатарындамыз.
Және осы жерде ең күйінерлігі сол - өз халқының орташа жалақысынан 10 есе артық жалақы алып отырған парламент депутаттарының тікелей міндетін атқаруы үшін жанама түрде "жер комиссиясы", "ұлттық кеңес" дейтін ұйым - сұйымдардың құрылатынын айтсаңызшы шіркін. "Малайға да малай керек" деген осы шығар...
Бұл Швейцария сонау Гитлердің заманынан бері мұрты бұзылмаған еуропалық дәулетті де сондай ерекше, тым тәуір ел еді, қазір де сондай үздік елдердің қатарында.
Қайран Еуропа, сенен үйренеріміз көп ау...

Олжас Әбіл

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер