Ұлытау облысында "Ұлытау үні" фестивалі басталады

961
Adyrna.kz Telegram

Жаңа облыс өзінің құрылғанына екі жыл толу тойын дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі аясында атап өтуде. «Ұлытау үні» фестивалі – талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын жаққан өнер бәйгесі ретінде көпке танымал.

Маусымның 1-3 жұлдызы аралығында халық шығармашылығы мен көркем өнерпаздарының республикалық ХХХІІ дәстүрлі «Ұлытау үні» фестиваліне республиканың әр түкпірінена қатысушылар мен қонақтар жиналады деп күтілуде.

Фестиваль бағдарламасы аясында:
- Ұлытау-Қостанай облыстары арасындағы «Ұлт ұраны - Ұлытау» атты республикалық командалық ақындар айтысы;
- Ақын, жалынды жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сарыарқа саңлақтары» дәстүрлі әншілер байқауы;
- Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда аманаты» республикалық мультиаспапшылар байқауы;
- Қазақстанның еңбек сіңірге артисі, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Береке Көшеновтің;
- Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Мағзұмбек Машайықұлының шығармашылық кеші өтеді.

Пікірлер