Ұлытау облысында "Ұлытау үні" фестивалі басталады

1239
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/c791adbc-8e09-43a1-b2bc-12e3d79d7b95.jpeg
Жаңа облыс өзінің құрылғанына екі жыл толу тойын дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі аясында атап өтуде. «Ұлытау үні» фестивалі – талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын жаққан өнер бәйгесі ретінде көпке танымал. Маусымның 1-3 жұлдызы аралығында халық шығармашылығы мен көркем өнерпаздарының республикалық ХХХІІ дәстүрлі «Ұлытау үні» фестиваліне республиканың әр түкпірінена қатысушылар мен қонақтар жиналады деп күтілуде. Фестиваль бағдарламасы аясында: - Ұлытау-Қостанай облыстары арасындағы «Ұлт ұраны - Ұлытау» атты республикалық командалық ақындар айтысы; - Ақын, жалынды жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сарыарқа саңлақтары» дәстүрлі әншілер байқауы; - Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда аманаты» республикалық мультиаспапшылар байқауы; - Қазақстанның еңбек сіңірге артисі, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Береке Көшеновтің; - Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Мағзұмбек Машайықұлының шығармашылық кеші өтеді.
评论
其他材料