Бала шалқасынан жатып ұйықтаса — белгілі адам болып өседі: БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚЫ ЫРЫМДАР

10004
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/lori-0002655988-bigwww.jpg

— егер біреу əңгіме айтып жатқанда сəби түшкірсе, айтылғандардың бəрінің рас болғаны

—егер бала еш себепсіз тілін шығарса, үйге қандай да бір хабар келеді
— егер бала қолындағы заттарды «шашу» деп шашса, онда бұл үйде той, қуаныш болады. — баланың еңбегін басуға болмайды, себебі қазақтар баланың бақыты еңбегінде болады деп сенеді. Егер басса, оның миы зақымдалады, өміріне қауіп төндіреді — егер отбасында тек қыздар туыла берсе, келесі баланың ұл болуы үшін қызға ұлдың есімін береді немесе Ұл-дан басталатын ат қояды. Мысалы, Ұлбала, Ұлдана, Ұлбике
— егер үйге кішкентай бала қыдырып келсе, оны құр қол жіберуге болмайды. Себебі, баланың көңілі, меселі қайтады. Егер қонақ бала үйден көңілсіз күйде, ренжіп шықса, үйден бақ-береке кетеді — егер бала жерге қолын тіреп, екі аяғының ортасынан басын шығарып жол қараса, бұл жақсы ырым. Көптен күткен қонақ немесе көптен көріспеген ағайын қонаққа келеді — баланың қарын шашын алғанда, оны тастамай, сақтап қою керек. Себебі, бала қырқынан шыққанша немесе жеті айға толғанша əлсіз болады — баланың бесігінің бас жағына пышақ, қамшы, қайрақ салып қояды. Бұл жын-шайтан мен зиянкес жəндіктерден қорғайды — балаға қойдың таңдайын жегізеді, жезтаңдай əнші болады деп сенген — баланы қырқынан шыққанша түнде алып жүруге болмайды. Оған ай сəулесі түсуі мүмкін, ал ол жаман ырым болып саналады — егер бала шалқасынан жатып ұйықтаса — белгілі адам болып өседі, бүк түсіп жатса — уайымшыл, егер етпетінен жатса — ойшыл болады. Ал аяқ-қолын еркін созып жатса, батыр, ержүрек болып өседі — егер қария шөбересінің алақанынан су ішсе, жұмаққа барады — егер бала қол шапалақтаса, үйге қуанышты хабар келеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Комментарии