Бағдат Мусин АҚШ-қа кетті

829
Adyrna.kz Telegram

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Бағдат Мусин отбасымен АҚШ-та жүр. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«АҚШ-та жүргеніме бірнеше күн болды, әрине, мен кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын. Осы жолы бірнеше отбасымның мұшелерімен келдім. Менімен бірге сүйікті Динам және кенже қызым Бірғаным бар»,—деді ол.

Экс-министр Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысатынын, сондай-ақ Digital Nomads-пен кездесіп, әртүрлі әлеуметтік бастамаларды талқылайтынын атап өтті.

«Еліміздің Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы болғандықтан, осы жылдың қыркүйегінде Астанада зияткерлік спортымыздан (спорттық бағдарламалау) Әлем чемпионатының финалын өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселені шешуге барамын. Ол үшін мен ICPC басшысы Билл Поучермен және оның командасымен жүздесемін. Сондай-ақ түрлі қорлармен, компаниялармен кездесулер өтеді. Жалпы бұл сапарға жоспар көп. Барлығын орындауға мүмкіндігінше тырысамын», - деді Бағдат Мусин.

Пікірлер