Қостанайда әйелдер дәретханасын аңдыған ер адам іздестірілуде

1382
Adyrna.kz Telegram

Қостанай полицейлері әйелдер дәретханасын аңдыған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Факті полицияда тіркелді. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін белгісіз ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады Қостанай полиция департаментінен.

28 мамырда Қостанайдағы сауда орталығына келушілердің бірі әйелдер дәретханасындағы кабинаның еденінде жатқан ер адамды камераға түсіріп алған. Қыз ортадағы кабинадан күдігі барын айтты.

«28 мамырда «Март» сауда орталығында екінші қабаттағы әйелдер әжетханасына кірдім. Мен ортадағы кабинадан күдіктене бастадым, сосын телефон камерамды төмен түсіріп, еденде жатып, қарап тұрған ер адамды видеоға түсіріп алдым», — деді бойжеткен әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, кейінірек камералардан әйелдер дәретханасында 30 минуттай болған қара киім мен көгілдір түсті жейде киген азиялық, шамамен 40 жас шамасындағы ер адамды байқаған.

«Әкімшілік пен күзетке бәрібір болды, маған үлкен ағам келді, біз қауіпсіздік қызметінің басшысын шақырып алдық. Біз камераларды қарап, 10.38-де оның дәретханаға еш қиындықсыз кіріп, 11.04-те менің соңымнан шығып кеткенін байқадық», - деп хабарлайды бойжеткен.

Қостанайлық ПД қазіргі уақытта құқық бұзушының жеке басы анықталып жатқанын атап өтті.

Пікірлер