Қаңтар кезіндегі азаптау. Алматыда полиция бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

2426
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда экс-полицей ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгін қалалық полиция департаментінің бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарды азаптау дерегі бойынша ұсталды.

"Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі. Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды", - делінген Прокуратура мәлімдемесінде.

Бұл ретте құзырлы орган ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер