Айзада Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

1413
Adyrna.kz Telegram
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып Айзада Құрманова тағайындалды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Айзада Құрманова 1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, орта мектеп директоры болып жұмыс істеген.

2002-2007 жылдары Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

2007-2009 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары;

2009-2011 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

2011-2014 жылдары Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі;

2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер