ҰТО деректеріне заңсыз қол сұққаны үшін екі қазақстандық бас бостандығынан айырылды

1580
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қазақстандықтың Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне заңсыз қол сұққаны үшін бас бостандығынан айырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан 2021-2022 оқу жылында заңмен қорғалатын ақпаратқа заңсыз кіріп, көшіріп алған.

Сәуір айында сот шешімімен қазақстандықтардың әрқайсысы Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Сондай-ақ олар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім шығаруға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің процессуалдық материалдары негіз болды. Үкім заңды күшіне енді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер