Семейде "Домбыра күні" ерекше аталып өтті

2492
Adyrna.kz Telegram

Қаламызда Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы қызметкерлері және татар өнер мектебі түлектерінің ұйымдастыруымен «Домбыра күніне» орай арнайы акция өткізілді. Шара барысында өнерпаздар Құрманғазының күйлерін орындап, қоғамдық көліктегі жолдаушылардың құлақ құрышын қандырды. Мақсаты – халық арасында қазақ күйлерін насихатап, ұлттық мұраны жандардыру. Акция аясында ұйымдастырушылар жолдаушыларға XVIII –ХХ ғасырдағы күйшілер туралы викториналық сұрақтар қойып, жеңімпаздарға отбасыларымен мұражайға кіру тегін билеттерін табыстады.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев домбыра- қазақтың жаны. Өйткені ол халықтың қуанышы мен мұңын білдіретін қасиетті аспап деген еді. Бүгінде домбыраны халық арасында насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында аталмыш акцияны ұйымдастырып отырмыз. Тарихқа көз жүгіртсек, Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский арасында қазақ өнеріне деген ортақ жанашырлық болған. Сол уақытта қазақтар туралы мәліметтер аз болғандықтан, Федор Михаилович Шоқан Уәлихановқа қазақтың кең-байтақ жері мен елі туралы толықтырып жазуын өтінген еді. Сондай-ақ, Шоқанмен бірге қазақ ауылдарын аралап, салт-дәстүрлерімен танысып, домбыра аспабына ерекше баға берген, - деді көпшілік бөлімнің меңгерушісі Салтанат Нұрлыбекқызы.

Акцияға белсене қатысқан жолаушылар арасынан домбыраны қолдарына алып, көпшілікке күй орындап берген жандар да табылды.

- Бүгін міне, Семей өнер ордасының орталығында "Домбыра күні" акциясы тойлануда. Қоғамдық көліктерде біз домбыраның үнін өз құлағымызбен есту мәребесіне ие болдық . Осындай акция әр жыл сайын өткізіліп тұрса деген ниеттеміз. Барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз,-деді қала тұрғыны Назым Келербекова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер