Министр: Көне мұраны қатаң тәртіппен сақтауға міндеттіміз

1071
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lola Chatz
Фото: Lola Chatz

Мәдениет және ақпарат министрі мәдениет саласындағы қордаланған мәселелерді бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр Аида Балаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәдени орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

"Өкінішке қарай, бұл салада ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған жүйелі мәселелер бар. Музыкалық аспаптарға қатысты мәселе де осыған саяды.

Мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасына келетін болсақ, соңғы жылдары Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен көрнекті ғимараттарды реконструкция жасауға көп көңіл бөлінді. Атап айтқанда, «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ғимаратын күрделі жөндеу, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахналық жабдықтарын жаңғырту жоспарланған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «Қазақ» күмбезінің апатқа қарсы және консервациялық жұмыстары жүргізіледі.

Ендігі кезекте – Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының ғимаратын қайта жаңарту және республикалық мемлекеттік академиялық Неміс драма театрының ғимаратын жөндеу. Тұтастай алғанда, музейлер, театрлар мен оркестрлер сияқты, әртүрлі нысандарды жаңарту және жөндеу олардың шығармашылық және мәдени мұраны ұсынуы үшін қолайлы жағдайларды жасау үшін қажет", - деді министр.

Мәдениет пен ақпарат министрі өңір басшыларына арнайы тапсырма жүктелгенін де жасырмады. Басшыларға ел аумағында жаңа нысандардың құрылысы бойынша, әсіресе, Шымкент, Семей және еліміздің басқа да облыс орталықтарында жаңа театрлар салынуына қатысты жеке тапсырмалар берілген.

"Мәдени инфрақұрылым жаңартылып, активтер жаңа алаңдармен толығатыны түсінікті. Бірақ, біз көне мұраны қатаң тәртіппен сақтауға міндеттіміз. Осыған байланысты шығармашылық ұжымдардағы әріптестердің мәдени нысандардағы мақсатсыз жұмыстарға қатысты алаңдаушылығын түсінемін әрі қолдаймын.

Әрине, біз оларды тыңдап, белгілі тұлғалармен қоштасу рәсімі жиі өтетін театр қызметкерлерінің психо-эмоционалдық жағдайына ден қоюға тырысамыз. Сондықтан біз мүмкіндігінше жақындарына басқа да балама формалар бар екенін жеткізуге тырысамыз. Менің ойымша, көп ұзамай біз кеңестік кезеңдегідей мәдениет мекемелерінде еске алу кештерін ұйымдастыру тәжірибесінен мүлдем бас тартамыз", - деді өз сөзінде Аида Балаева.

Пікірлер