Ташкентте жүк тиелген вагондар рельстен шығып кетті

808
Adyrna.kz Telegram
Фото: uznews.uz
Фото: uznews.uz

Ташкент облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

«Узбекистон темир йуллари» компаниясы 18 мамыр күні вагондардың рельстен шығып кеткенін мәлімдеген.

Компания мәліметінше «BN Grain and Oil Group» кәсіпорынының қызметкерлері вагондағы жүкті қабылдап алу сәтінде теміржол құрылғысын қолдану ережесін сақтамаған. Салдарынан жеті вагон рельстен шыққан.

«Вагондардағы жүкті түсіру кезінде кәсіпорынның қызметкерлері тиісті талаптарды сақтамаған. Атап айтқанда, олар арнайы арқанның көмегімен вагондарды сүйремек болған. Нәтижесінде арқан ілініп тұрған құрылғыдан шығып кетіп, вагондар өз епкінімен жүріп кеткен», - деп оқиғаның мән-жайын түсіндірді «Узбекистон темир йуллари» компаниясынан.

Пікірлер