Түркия президенті сотталған генералдарға рақымшылық жасады

721
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Түркия президенті 1997 жылы бас бостандығынан айырылған жеті адамға рақымшыдық жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолыға сілтеп.

1997 жылы 28 ақпанда Түрік қарулы күштерінің қолбасшылығы арнайы меморандум шығарған болатын. Онда исламшыл әл-ауқат партиясының жетекшісі Нежметтин Ербакан басқарған министрлер кабинетінің отставкаға кетуі талап етілді. Түркияның жаңа тарихында бұл оқиғалар «28 ақпан процесі» және «постмодерндік революция» ретінде қарастырылды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жасы ұлғайғанына және созылмалы ауруларына байланысты «28 ақпандағы іс» бойынша сотталған 14 адамның қалған жазаларын алып тастау туралы жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ, сәтсіз әскери төңкеріске байланысты 2018 жылдан бері өмір бойына бас бостандығынан айырылған жеті генералға рақымшылық жасады.

Осылайша, бұрынғы генералдар Чевик Бир, Четин Доған, Февзи Түркери, отставкадағы генерал-лейтенант Йылдырым Түркер, отставкадағы вице-адмирал Айдан Ерол, отставкадағы генерал-майор Ерол Өзкаснак және Джеват Темел Өзкайнақтардың үкімдері жойылды. Сонымен қатар, дәл осындай себептермен сотталған Қажы Сюлук, Али Эфтераслан, Авни Йылмаз, Севда Юксел, Гүлбей Сарыоглу, Сүлейман Туна, Абдулхеким Йылмазға рақымшылық жасалды.

Пікірлер