Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны артады - министрлік

1711
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/ae8c6f6e-1120-4b48-b795-ff4accdcc421-960x500.jpeg?token=a3fcea8c7a91c513345bcc3ac99abbfa

30 мамырдан бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрлік мәлімдегендей, Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады.

"Осылайша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының

қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

Комментарии