Home » Айдарлар » Қоғам » 21 мың теңге үшін өлеміз бе?! (Фото, видео)

21 мың теңге үшін өлеміз бе?! (Фото, видео)

Иә, 21 мыңның жыры әлі де жалғасуда. Халықтың қамын жеудің орнына Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту бағдарламалар бөлімінің  қызметкерлері көп балалы аналардан заң бойынша көрсетілмеген скоросшиватель, бір бума қағаз, адамның алимент алмайтыны туралы ЕШ ЖЕРДЕ БЕРІЛМЕЙТІН  құжатты әкелуін талап етуде. Осы орайда фб парақшада Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту бағдарламалар бөлімінде орын алған Мемлекеттік қызметкерлердің халықты басынып, түрлі қажетсіз құжаттарды талап еткені туралы видео тарады деп хабайды adyrna.kz ұлттық порталының тілшісі.

“Заң бойынша халық түрлі құжатты тапсыруға мәндетті емес! Тек жеке куәлігімен келсе жеткілікті. Жеке куәлік болса базадан барлық мәліметтер айна қатесіз шыға келеді. Мемлекеттік орында жұмыс жасап отырғандықтан, әкімнен бастап халыққа қызмет етулерің керек. Осы жерде отырған әрбір қызметкердің айлығына 1 тиын болса да қосып отырған үлесіміз бар. Сондықтан еш жерде жоқ немесе өздеріңе керек қағаздарыңды сұрап халықты сандалтпаңдар!” дейді аталмыш видеодағы заңды жетік білетін азамат. Ал бөлім қызметкерлері сұраққа жауап беруден жалтаруда.

 

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларға Мемлекет тарапынан  21 мың теңгеге дейін төленетінін жеткізген.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Қазақстанда соңғы жылдары даму тоқтады…

Негізі Өзбекстанда президент ауысқалы күрделі өзгерістер бар. Ел даму мен жаңаруға бет алды. Бізде соңғы ...