“Мүлде ақтауға болмайды”. Президент Словакия премьеріне жасалған қастандықты айыптады

1871
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/president-960x500.jpg?token=7fc6be34c9e61979a32f57bfa73c5630

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.

15 мамырда Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалған. ҚР Президенті бұл террорлық әрекетті қатаң айыптап, мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

"Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы

достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Комментарии