Антикор экс-министрдің ісіне қатысты пікір білдірді

1985
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/baғdat-musin-960x500.jpeg?token=0d269b41921f04a8d65a748304170f27

Антикор экс-министр Бағдат Мусинге қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық істің қозғалуын Антикор теріске шығарды.
"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін басқарды. Президенттің үкімімен ол 30 сәуірде қызметінен босатылды.
Комментарии