БҚО әкімі Нариман Төреғалиев отбасы күнімен құттықтады

1181
Adyrna.kz Telegram

15 мамыр - халықаралық отбасы күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев халықаралық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыс жеңімпаздары және олардың ата-аналарымен кездесті.

Өңір басшысы білімді, өнерлі, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, қоғамға өз үлесін қосып отырған отбасыларға алғысын білдіріп, жиналғандарды отбасы күнімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайту қоғам дамуының негізі екенін атап өткен болатын. Өңірлерде отбасы институнын қолдау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгін дарынды, білімді, рухы биік ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасылардың бірқатарымен кездесіп отырмыз. Баршаңызды отбасы күнімен құттықтаймын. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз үміттеріңізді ақтап, Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне адал қызмет атқаратынына, Ақжайықтың абыройын асқақтатынына сенімдімін», - деді Нариман Төреғалиев.

Шара барысында отбасы мүшелері де өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ата-аналар облыс әкімдігіне, балаларын жетістікке жетелеген ұстаздарына, қолдау білдірген жандарға алғыстарын жеткізді.

Жалпы, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша 13 586 көпбалалы аналар бар, оның арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» иегерлері 6 558 адам. Облыста 5 «Отбасы орталықтары» жұмыс жасайды. Ал биыл тағы 3 ауданда ашу жоспарлануда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер