Бішкекте шенеуніктерге жеке көлікпен қатынауға тыйым салынды

1608
Adyrna.kz Telegram
Бішкек автобусы
Бішкек автобусы

Бішкекте шенеуніктер жеке көліктерімен жүре алмайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қырғызстандық БАҚ-қа сілтеп.

Мұндай бастаманы Бішкек қаласының басшысы Айбек Джунушалиев көтерген. Енді жаңа ережеге сәйкес әкімдік қызметкерлері аптасына екі рет қоғамдық көлікпен қатынауға міндетті.

Одан бөлек, ережеде ведомстволық және аумақтық бөлімдердің, муниципалды кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сейсенбі мен бейсенбі күндері жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынауы тиіс екені көрсетілген.

Нәтижесінде әр шенеунік автобустың санитарлық тазалығын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылап, ай сайын есеп бермек.

Шенділерге кызмет көліктерін тек жұмыс уақытында ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл бастама қаладағы кептелісті азайтып, қоғамдық көлікке сұранысты арттырады деп жоспарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер