Ирандық режиссер сотталған соң өз елінен қашып кетті

2417
Adyrna.kz Telegram
Фото: theins.ru
Фото: theins.ru

Ирандық режиссер сот үкімінен кейін елден қашып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғана агенттігіне сілтеп.

Берлин кинофестивалінің жеңімпазы, ирандық режиссер Мохаммад Расулоф сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімі шыққаннан кейін режиссер жасырын түрде отанынан кетіп қалған. Расулоф елден кету туралы әлеуметтік желіде жазды.

Ирандық елін тастап кету идеясы өзін қамауға алу туралы үкім шыққанда пайда болғанын жазады.

«Шешім қабылдауға көп уақытым болмады. Маған түрме мен Ираннан кетудің бірін таңдау керек болды. Мен қуғынды таңдадым. 2017 жылдың қыркүйегінде Ислам Республикасы менің төлқұжатымды тартып алды. Сондықтан Ираннан жасырын кетуге тура келді», - деп түсіндірді режиссер.

Расулоф өз мысалында темір тордың ар жағында өлім жазасын күтіп отырған жас рэпер Тумаж Салехидің оқиғасын да атап өтті.

«Репрессияның ауқымы мен қарқындылығы қатыгездік деңгейіне жетті, адамдар күн сайын үкіметтің келесі ауыр қылмысы туралы жаңалықты күтеді», - деп жазды Расулоф.

Еске сала кетейік, режиссерға қатысты үкім өткен аптада шыққан болатын.  Ол «Қасиетті інжір тұқымы» деген соңғы жұмысы үшін жазаланған болуы мүмкін. Себебі БАҚ мәліметінше, фильм түсіру тобының қамауға алынғаны анықталған.

Пікірлер