Иранда режиссер Мохаммад Расулоф «ел қауіпсіздігіне қарсы» фильмдері үшін 8 жылға сотталды

658
Adyrna.kz Telegram

Берлин кинофестивалінің жеңімпазы, ирандық режиссер Мохаммад Расулоф сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Сонымен қатар, оған дүремен ұрып-соғуға, айыппұл төлеуге және мүлкін тәркілеуге үкім шығарды, деп мәлімдеді адвокат Бабак Пакния.

Адвокаттың айтуынша, бұл шешімді Ислам революциясы сотының филиалы шығарған және оны аппеляциялық комиссия да растап үлгерген. Іс үкімді орындауға бағытталған.

Пакния мұндай үкім шығарудың басты себебі режиссердің көпшілік алдында мәлімдеме жасауы, сондай-ақ оның көркем фильмдер мен деректі фильмдер жасауы болғанын түсіндірді. Оның фильмдері соттың пікірінше, «қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасауға үгіттейді».

Ферғана агенттігіндегі дерекке сүйенсек, режиссер «Қасиетті інжір тұқымы» деген соңғы жұмысы үшін жазаланған болуы мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен айда Пакния фильм түсіру тобының қамауға алынғанын және жауап алынғанын хабарлады. Нәтижесінде фильмге тартылған ирандықтар лицензиясыз түсірілді, ал актрисаларды «хиджабты дұрыс емес киген» деп айыптады.

Расулофтың жаңа фильмі үкіметке қарсы ауқымды шерулердің салдарымен күресіп жатқан Тегерандағы революциялық соттың судьясына арналғаны белгілі. Канн кинофестивалі аясында «Қасиетті інжір тұқымы» фильмінің премьерасы 14-25 мамыр аралығында өтеді деп күтілуде.

Пікірлер