Алматыда ер адам автобус жүргізушісін жарақаттады

1562
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шығып, қоғамдық көлік жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Алматы қалалық полициясы хабарлады. Оқиға 10 мамыр күні кешкі уақытта болған. Жандосов көшесі мен Рысқұлова даңғылының қиылысында жүргізуші №52 автобусты жөндеп жатқан. Тергеу деректері бойынша, 58 жастағы Д деген азамат К-мен жанжалдасып қалған. Артынша жанжал ушығып, Д есімді азамат К. есімді 66 жастағы автобус жүргізушісіне пышақ жарақатын салған. Полиция өкілдері күдікті ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. Оның үстінен суық қару қолдану арқылы бұзақылық жасау фактісі бойынша іс қозғалған. Құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаға қатысты қосымша мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.
Комментарии