Қазақстанның БҰҰ-дағы тұңғыш елшісі

2423
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Қазақстан тари­хын­дағы алғашқы әйел Ел­ші Ақмарал Арыстанбекованың туған күні, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол - Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Біріккен Ұлттар Ұйы­мын­дағы бірінші тұрақты Өкілі, ҚР Сыртқы іс­тер ми­нис­трлігінің ерекше тап­сырмалар бойынша Елшісі қызметін атқарған.

Қазақтан шыққан тұңғыш әйел Елші 1948 жылдың 12 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген.

Ақмарал Қайдарқызының еңбек жолы 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі зертханада кіші, аға ғылыми қызметкер болып бастап, 1978-1981 жылдары Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Орталық Коми­те­тінің ғылыммен айналысатын жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болады. Одан кейін 1981-1983 жылдары Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің хатшысы болды.

Ал 1983 жылы Ақмарал Арыстанбекова Қазақ достық және мәдениет қоғамдастығының шет мемлекеттермен байланыс бойынша президиум төр­аға­сының орынбасары, 1984 жылы президиум төрағасы болған. 5 жылдан соң Қазақ КСР сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалады.

1991 жылдың желтоқсанынан 1992 жылдың сәуіріне дейін А.Арыстанбекова Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Ресей Федерациясы Үкіметінің аға кеңесшісі – Қазақстан Республикасының өкілі болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 15 сәуірінде ҚР бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбекованы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты Өкілі ретінде тағайындайды. Бұл лауазымды Ақмарал Арыстанбекова 1999 жылға дейін атқарады.

1996 жылдан бастап Ақмарал Арыс­танбекова Төтенше және Өкілетті Елші лауазымындағы қызмет жолы жалғасын табады. Кейіннен сол жылдың қазанынан бастап, Қазақстан Куба Республикасындағы Тө­тен­ше және Өкілетті Елшісі болады. Ал 1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Франция Республи­ка­сындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, сондай-ақ Қазақстан Республи­ка­сының ЮНЕСКО-дағы Тұрақты Өкілі лауазымын қатар атқарады.

Бүгінде қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылған ұлы әйел 76 жасқа толып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер