Қазақстандық скрипкашы еліміздегі әуе компаниясының жұмысына шағымданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеп.
Қазақстандық әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Өнер адамы FlyArystan әуе компаниясының жұмысына көңілі толмайтынын жазған.
«Біз бүгін демалғымыз келді, бірақ FlyArystan бізді мәжбүрлеп отыр. Испандық ұят, олар скрипка қорабын, сонымен қатар скрипканың ысқышын ұшақ бортына жібермеді », - делінген хабарламада.Еске сала кетейік, дәл бір жыл бұрын айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай да аталған әуе компаниясына қатысты шағым жасаған. Әуежайда FlyАrystan әуе компаниясы қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбей, өзін жұлқылағанын айтып, көз жасына ерік бергенін жазған. Бұдан алдын белгілі әншілер Еркін Шүкіманов пен Ерлан Рысқалиев де аталған әуе компаниясының домбыраны өздерімен бірге алуға рұқсат бермегенін айтып, сынаған.
Новости по теме
В рамках патриотического социального проекта «Желтоқсан жаңғырығы» в декабре 1986 года состоялся конкурс патриотической песни
А. Балаева призвала деятелей культуры активнее включиться в процесс формирования светского, зрелого и интеллектуального общества